Шымкентте әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы саласындағы бірден үш ірі жобаны іске асыру басталды. Қалада ауысымына 500 адам қабылдайтын жаңа емхана мен №2 қалалық көпбейінді аурухананың 80 төсек-орынға арналған қосымша корпусының құрылыс алаңдарында капсула салу рәсімі өтті. Сонымен қатар ұзындығы 50 шақырым болатын айналма автомобиль жолының құрылысына старт берілді. Аталған жобалар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Олар халық санының өсуіне байланысты инфрақұрылымға артқан қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған. Іс-шараларға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты.