Шымкентте жылына 50 млн жұп шұлық өндіруге мүмкіндік бар Шымкенттегі Balabi Textile фабрикасы қазіргі таңда фабрика өнімдері негізінен Ресей Федерациясына жеткізіледі. Сонымен қатар кәсіпорын халықаралық нарыққа шығу мүмкіндіктерін қарастыруда. Кез келген өндіріс орнының әлеуеті шығарған өнімінің көлемімен ғана емес, сол өнімнің нарықтан өз орнын табуымен де өлшенеді. Әсіресе жеңіл өнеркәсіпте бұл мәселе өзекті. Өйткені отандық өндіруші бір жағынан тұтынушыға қолжетімді баға ұсынса, екінші жағынан сапаны сақтап, импорттық тауарлармен бәсекеле түседі. Шымкенттегі Balabi Textile фабрикасы да осы талаптарды ұштастырып, өндіріс ауқымын кеңейтуді көздеп отыр. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кәсіпорын 2025 жылы іске қосылды. Фабриканың жылдық өндірістік қуаттылығы 50 миллион жұп шұлыққа дейін жетеді. Мұнда шамамен 500 тоқу машинасы орнатылған. Кәсіпорын мәліметінше, 2025 жылдың қаңтарынан бастап, шамамен 77 млн жұп шұлық өндірілген.