Шымкент қаласында тоқыма өнеркәсібі қарқынды дамып жатыр Шымкентте өндіріс орындарын дамыту және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту қала экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Кәсіпкерлер жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, жергілікті мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға да мүмкіндік береді. Осы бағытта жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорындардың бірі – «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан Balabi Textile фабрикасы. 2025 жылы іске қосылған кәсіпорында бүгінде 350-ден астам адам еңбек етеді. Фабрика Шымкент қаласының Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесіп, жұмыссыз азаматтарды оқыту және жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруда.