«Самұрық-Қазына» АҚ мен қор тобының компаниялары өз қызметін штаттық режимде жалғастырып жатыр Инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер өз күшін сақтайды және қолданыстағы келісімдердің талаптарына сәйкес орындалады. Қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылып жатыр. Қор қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық қызметтерді орындауды жалғастыруда әрі қазақстандық және халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып қала береді. «Самұрық-Қазына» АҚ өз міндеттемелерінің өзгеріссіз қалатынын және барлық серіктестерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растайды. 🔘 АО «Самрук-Қазына» и компании группы Фонда продолжают свою деятельность в штатном режиме Все обязательства перед инвесторами, кредиторами, международными финансовыми институтами и деловыми партнерами сохраняют свою силу и исполняются в соответствии с условиями действующих соглашений. Инвестиционные проекты и стратегические программы Фонда продолжают реализовываться в соответствии с утвержденными планами. Фонд сохраняет финансовую и институциональную устойчивость, продолжает выполнять свои стратегические функции и остается надежным партнером для казахстанских и международных инвесторов. АО «Самрук-Қазына» подтверждает неизменность своих обязательств и приверженность долгосрочному сотрудничеству со всеми партнерами.