Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Италияның Линьяно қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз U13 жас санатында екінші орынға ие болды. Жарыс барысында Жания Бекмұхамбетова Италия өкілі Виктория Таминиді (3:0), румыниялық Диана Бурлакуны (3:0), италиялық Майя Павелді (3:0), аустралиялық Алисса Йенгті (3:0) және испаниялық Кармен Гоместі (3:0) жеңді. Финалда қазақстандық спортшы жапониялық Каэдэ Нэяға 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді. • Представительница команды Казахстана по настольному теннису Жания Бекмухамбетова завоевала серебряную медаль на международном турнире по WTT Youth Contender в Линьяно (Италия). Спортсменка стала второй в возрастной категории U13. По ходу турнира Жания Бекмухамбетова победила Виктория Тамини (Италия) 3:0, Диану Бурлаку (Румыния) 3:0, Майю Павел (Италия) 3:0, Алиссу Йенг (Австралия) 3:0, Кармен Гомес (Испания) 3:0. В финале казахстанка уступила Каэдэ Нэя (Япония) 1:3, завоевав серебряную награду.