НЕХабар

@nehabar · news · Russian · active

Subscribers 71.1K Subscribers, last 30 days: 71.2K → 71.1K +0 24h
Reach per post (ERR) 9.2%6.5K avg views
Posting 7.2/day last 2 hours ago
Reactions per 1K views 64.7 👍 ❤ 🔥
repost from QURYLTAI

🇰🇿🇹🇷Құрылтай Төрағасы мен Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісі спикері парламентаралық байланыстардың дамуын талқылады ТүркПА отырысы аясында Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай Түркияның Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Спикері Нуман Куртулмушпен кездесті. Құрылтай Спикері Қазақстан мен Түркия көшбасшылары арасындағы сенімді саяси диалогты парламенттік деңгейде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Айбек Дәдебай екі ел парламенттерінің достық топтары арасындағы тікелей байланыстарды жандандыруға, сондай-ақ заң шығару қызметі мен өзара мүддеге негізделген бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға шақырды. – Парламентарлық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының бірі жасанды интеллект және жаңа технологиялар саласы деп есептеймін. Қазақстан мен Түркия цифрландыруға, ЖИ-ді дамытуға және инновациялық экожүйені қалыптастыруға ерекше назар аударады. Осыған байланысты парламенттеріміздің арасында осы салаларды құқықтық реттеу бойынша тәжірибе алмасуды жолға қоюды ұсынамын, – деді Айбек Дәдебай. Нуман Куртулмуш қазақстандықтарды Конституцияның сәтті қабылдануымен және Құрылтай сайлауының өтуімен құттықтады. Түркия Парламентінің Спикері Қазақстанға ТүркПА жұмысына төрағалық еткен кезеңде нәтижелі қатысқаны үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың барлық деңгейде дамуының жалғаса беруіне тілектестік білдірді. Тараптар сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың сәтті нығаюын, энергетика саласындағы, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын да талқылады. Сауда-логистикалық бағыттарды, білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудағы өзара мүдделілік атап өтілді. __ 🇰🇿🇹🇷Развитие межпарламентских отношений обсудили спикеры Курултая и Великого Национального собрания Турции В рамках заседания ТюркПА Председатель Курултая Айбек Дәдебай встретился со Спикером Великого Национального собрания Турции Нуманом Куртулмушем. Спикер Курултая подчеркнул важность продолжения доверительного политического диалога между лидерами Казахстана и Турции на парламентском уровне. Он призвал активизировать прямые контакты между группами дружбы двух парламентов, а также обмениваться опытом законотворческой деятельности в направлениях, представляющих взаимный интерес. – Считаю, что одним из перспективных направлений межпарламентского сотрудничества является сфера искусственного интеллекта и новых технологий. Казахстан и Турция уделяют особое внимание цифровизации, развитию ИИ и формированию инновационной экосистемы. В этой связи предлагаю наладить обмен опытом между нашими парламентами по правовому регулированию этих сфер, – сказал Айбек Дәдебай. Нуман Куртулмуш поздравил казахстанцев с успешным принятием Конституции и проведением выборов в Курултай. Спикер турецкого Парламента поблагодарил Казахстан за плодотворное участие в работе ТюркПА в период председательства и пожелал продолжения развития отношений между нашими странами на всех уровнях. Стороны обсудили также успешное укрепление торгово-экономических связей между странами, перспективы расширения сотрудничества в сфере энергетики, в том числе возобновляемых источников энергии. Был отмечен взаимный интерес в развитии торгово-логистических маршрутов, образовательных и культурно-гуманитарных связей. t.me/quryltairesmi

Views over time

02K4K6K20 Oct 09:5712 Nov 19:306.1K20 Oct 09:57: 0 views12 Nov 19:30: 6,130 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
20 Oct 2026, 09:570
12 Nov 2026, 19:306.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.