Президент: «Қазақстан тарихи, тағдыршешті дәуірге қадам басты» Қазақстанда ауқымды жаңғыру мен құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің тарихи кезеңге қадам басқанын айтып, жүргізіліп жатқан реформалардың нақты нәтижесі халықтың күнделікті өмірінен көрінуі керек екенін атап өтті. Бүгінде еліміздің әр аймағында мектептер, емханалар, мәдениет және спорт нысандары бой көтеріп жатыр. Сонымен қатар ондаған мың шақырым автомобиль жолы мен теміржол салынуда. Мемлекет басшысы бұл жұмыстардың тоқтамайтынын мәлімдеді. «Қазақстан үлкен құрылыс алаңы, басқа сөзбен айтсақ, жасампаздық мекені болуы керек», – деді Президент. Алайда Мемлекет басшысы үшін құрылыстың ауқымы ғана емес, оның сапасы да маңызды. Сондықтан жаңа нысандар белгіленген талаптарға сай салынып, халыққа ұзақ жыл қызмет етуі тиіс. Президент құрылыс сапасын жеке бақылауында ұстайтынын да айтты. Белгіленген талаптар мен ережелерді бұзғандар заң аясында жауапқа тартылады.
НЕХабар
Subscribers
71.1K
+0 24h
Reach per post (ERR)
9.1%6.5K avg views
Posting
7.2/day
last 12 hours ago
Reactions per 1K views
64.8
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 19 Sep 2026, 13:38 | 0 |
| 12 Nov 2026, 19:30 | 6.9K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.