🇰🇿 Қарулы күштерде Әскери барлаушы күні аталып өтіп жатыр Қазақстанның әскери барлау тарихы 1992 жылғы 5 қарашадан басталады. Дәл осы күні Қарулы күштер құрамында алғашқы барлау бөлімшесі құрылды. Әскери барлау ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды рөл атқарады. Оған жүктелген міндеттердің тиімді орындалуы барлау ақпараттарын уақтылы жинау мен талдауға, қалыптасқан жағдайға нақты баға беруге және ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтауға тікелей байланысты. Әскери барлаушы қызметі жоғары кәсіби даярлықты, сараптамалық ойлау қабілетін, сабырлылық пен тәуекелі жоғары жағдайларда әрекет етуге дайын болуды талап етеді. Отанға адал қызмет ету мен әскери борышқа беріктік – барлаушының басты қағидаты. Ал кәсібилік пен жауапкершілік оның қызметінің негізі болып табылады. 🇰🇿 В Вооруженных силах отмечают День военного разведчика История военной разведки Казахстана берет начало 5 ноября 1992 года, когда в Вооруженных силах было создано первое разведывательное подразделение. Военная разведка играет важную роль в обеспечении безопасности и укреплении обороноспособности страны. Эффективное выполнение возложенных на нее задач во многом зависит от своевременного сбора и анализа разведывательной информации, объективной оценки обстановки и выявления потенциальных угроз. Служба военного разведчика требует высокой профессиональной подготовки, аналитического мышления, выдержки и готовности действовать в условиях повышенного риска. Верность воинскому долгу, преданность Родине, высокий уровень ответственности и профессионализма – неотъемлемые качества каждого военнослужащего, посвятившего себя службе в разведывательных подразделениях. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com