🇰🇿 Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-майор Айдос Мырзахметов әр жылдары әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан және ауыр жарақат алған әскери қызметшілердің туыстарынан құралған бастамашыл топпен кездесті. Азаматтарды қабылдауға Бас әскери прокурор мен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының өкілдері де қатысты. – Қорғаныс министрлігі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасының қайғысына ортақтасып, туыстарының өтініштеріне түсіністікпен қарайды. Әрбір өтініш мұқият қаралып, нақты жауап беріледі, – деп атап өтті қорғаныс ведомствосының басшысы. Кездесу соңында министр әрбір жағдаймен жеке танысып, ұсынылған материалдарды зерделейтінін мәлімдеді. 🇰🇿 Министр обороны встретился с родными погибших и пострадавших военнослужащих Руководитель оборонного ведомства генерал-майор Айдос Мырзахметов принял инициативную группу родных военнослужащих, погибших или получивших тяжелые травмы во время прохождения военной службы в разные годы. В приеме граждан также принимали участие Главный военный прокурор и представители Национальной гвардии Республики Казахстан. «Министерство обороны с пониманием относится к вопросам родных и с глубоким сочувствием – к каждой семье погибшего или пострадавшего военнослужащего. Каждое обращение требует внимательного рассмотрения и конкретных ответов», – отметил генерал-майор А. Мырзахметов. В завершение встречи министр сказал, что лично ознакомится с каждым случаем и изучит представленные материалы. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com