🇰🇿 Қазақстанда Президент тапсырмасы бойынша кешенді әскери реформа басталды. Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған Әскери реформа жоспарын жүзеге асыру басталды. Өзгерістер Қарулы күштердің құрылымын, әскери басқару жүйесін, әскерлердің даярлығын, әскери қызмет өткеру тәртібін және әскери қызметшілердің құқығын қорғау мәселелерін қамтиды. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық тұрғыдан дамыған армия қалыптастыру міндетін қойды. Бұл ретте әскери қызметтің қауіпсіздігіне, командирлік мәдениетке және мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалануға ерекше назар аударылады. 🇰🇿 В Казахстане по поручению Президента началась комплексная военная реформа В Казахстане началась реализация Плана военной реформы, одобренного на заседании Совета Безопасности под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева. Преобразования затронут структуру Вооруженных сил, систему военного управления, подготовку войск, порядок прохождения службы и защиту прав военнослужащих. Глава государства поставил задачу сформировать современную, мобильную и технологичную армию, уделив особое внимание безопасности военной службы, культуре командования и эффективному использованию государственных ресурсов. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com