ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ✔

@modgovkz · news · Kazakh · slowing

Subscribers 13.4K Subscribers, last 30 days: 13.4K → 13.4K +0 24h
Reach per post (ERR) 16.2%2.2K avg views
Posting 1.8/day last 6 hours ago
Reactions per 1K views 16.2 👍 ❤ 🔥
repost from Aqorda 🇰🇿

Отырыста Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева әскерді жасақтаудың халықаралық тәжірибесін, ұрыс қимылдарын жүргізудің заманауи тәсілдерін және отандық мамандардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленген Жоспардың негізгі ережелерін таныстырды 🔹Құжатта мемлекеттің бүкіл әскери жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған институционалдық өзгерістер көзделген. 🔹Атап айтқанда, Қарулы Күштердің құрылымы мен құрамын қайта қарау, басқару және қорғанысты жоспарлау тетіктерін жетілдіру, Ұшқышсыз жүйелер күштерін құру, сондай-ақ армияның негізгі компоненттерін нығайту жоспарланып отыр. 🔹Бұл реформаның маңызды аспектісі – мерзімді әскери қызметтің екі кезеңнен тұратын үлгісіне көшу. Әскерге шақырылғандар алғашқы алты айда оқу орталықтарында даярлықтан өтеді. Кейінгі алты айда тікелей әскери бөлімдерде қызмет етеді. Бұл кезеңде жауынгерлік даярлыққа және бөлімшелер құрамында міндеттерді орындауға басымдық беріледі. 🔹Әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтарын қорғауға ерекше назар аудару қажет. 🔹Әскери консультанттар мен Әскери қызметшілер істері жөніндегі уәкіл институттарын құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ жарғыға сай келмейтін іс-әрекетке жол бермеу және әскери тәртіпті күшейту шаралары қабылданады. 🔹Сонымен қатар «Адал азамат» тұжырымдамасына негізделген «Жас айбын» бірыңғай әскери-патриоттық даярлық жүйесін дамыту, мамандандырылған әскери мектептер желісін кеңейту және бастапқы әскери даярлықты жетілдіру көзделген. t.me/aqorda_resmi

Views over time

01K2K21 Oct 18:5211 Nov 00:501.8K21 Oct 18:52: 0 views11 Nov 00:50: 1,840 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
21 Oct 2026, 18:520
11 Nov 2026, 00:501.8K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.