ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ✔

@modgovkz · news · Kazakh · slowing

Subscribers 13.4K Subscribers, last 30 days: 13.4K → 13.4K +0 24h
Reach per post (ERR) 17.9%2.4K avg views
Posting 1.8/day last 11 hours ago
Reactions per 1K views 15.2 👍 ❤ 🔥
repost from Aqorda 🇰🇿

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады ✔️Президент – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады. ✔️Мемлекет басшысы Қарулы күштердің қазіргі қызметі мен жауынгерлік әзірлігі, әскери даярлық іс-шараларын қаржылай қамтамасыз ету, Қорғаныс министрлігі бюджетінің орындалуы туралы есепті тыңдады. ✔️Жоғарғы Бас Қолбасшыға жауынгерлердің жай-күйі мен әскерді жұмылдыру дайындығы, сондай-ақ ведомство органдарына және сарбаздарға жүктелген міндеттердің орындалуы туралы баяндалды. ✔️Президентке әскердің ағымдағы қажеттіліктерін қаржыландыру және армияны дамыту бағдарламасы туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ әскери әзірлік міндеттерін ескере отырып қаражатты қайта бөлу, инфрақұрылымды жарақтандыру және бөлімшелердің күнделікті қызметін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. ✔️Әскерді басқару жүйесін жетілдіру, шешім қабылдау жеделдігін арттыру және сарбаздың маманданған бағытына қарай міндеттерді орындауға дайындығына айрықша мән берілді. ✔️Бұдан бөлек, мобилизацияны жоспарлау және әскери резервті дайындау, жоспарланған шығындарды негіздеу, бюджет тәртібін сақтау, бөлінген қаржыны пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері, сондай-ақ қаржылық бақылау мен шығыстардың нәтижелілігін бағалау тәсілдері қарастырылды. 🔹 Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің сақадай сай болуына және әскери әзірлік сапасына қатысты, сонымен қатар армияның ең басты қажеттіліктерін қаржылық тұрғыдан өтеу және бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелері бойынша бірқатар міндет жүктеді. t.me/aqorda_resmi

Views over time

01K2K3K19 Oct 12:0111 Nov 00:502.5K19 Oct 12:01: 0 views11 Nov 00:50: 2,450 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
19 Oct 2026, 12:010
11 Nov 2026, 00:502.5K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.