🇰🇿 Астана мен Шымкенттегі әскери колледждердің 200-ден астам кадеті Әскери ант берді Астана қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы және Шымкент қаласындағы Сабыр Рақымов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледждерінде кадеттердің Әскери ант беру рәсімі салтанатты түрде өтті. Болашақ сержанттарды айтулы оқиғамен Қорғаныс министрлігінің, әскери оқу орындарының басшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, қоғам өкілдері, сонымен қоса кадеттердің ата-аналары мен жақындары құттықтады. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com