ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ✔

@modgovkz · news · Kazakh · slowing

Subscribers 13.4K Subscribers, last 30 days: 13.4K → 13.4K +0 24h
Reach per post (ERR) 16.2%2.2K avg views
Posting 1.8/day last 9 hours ago
Reactions per 1K views 16.2 👍 ❤ 🔥
edited

✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен генерал-майор Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Айдос Мырзахметов — әскери қызметке жиырма жылдан астам уақытын арнаған кадрлық офицер. 1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын үздік аяқтаған. Кейінгі жылдары ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттік күзет жүйесінде жедел және командалық даярлық бойынша бірқатар курстан өткен. Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі офицерлік қызметтің сатыларынан өтіп, командалық және басшылық лауазымдарды атқарған. 2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. 2025 жылы Ұлттық қорғаныс университетін бітірген. 2022 жылы II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған. Үйленген, үш баласы бар. ✍️ Указом Главы государства генерал-майор Мырзахметов Айдос Сакенович назначен Министром обороны Республики Казахстан. Айдос Мырзахметов — кадровый офицер, посвятивший военной службе более двух десятилетий. Родился 12 августа 1981 года в Жамбылском районе Алматинской области. В 2002 году с отличием окончил Военную академию Вооруженных Сил Республики Казахстан. В последующие годы прошел ряд курсов оперативной и командной подготовки в системе национальной безопасности и государственной охраны. Айдос Мырзахметов прошел все ступени офицерской службы в Службе государственной охраны Республики Казахстан, последовательно занимая командные и руководящие должности. В январе 2024 года назначен Командующим Силами специальных операций Вооруженных Сил Республики Казахстан. В 2025 году окончил Национальный университет обороны. Награжден орденом «Айбын» II степени в 2022 году. Женат, воспитывает троих детей.

Views over time

01K2K3K27 Sep 08:3911 Nov 00:503K27 Sep 08:39: 0 views11 Nov 00:50: 2,990 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
27 Sep 2026, 08:390
11 Nov 2026, 00:503K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.