ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ✔

@modgovkz · news · Kazakh · slowing

Subscribers 13.4K Subscribers, last 30 days: 13.4K → 13.4K +0 24h
Reach per post (ERR) 16.2%2.2K avg views
Posting 1.8/day last 10 hours ago
Reactions per 1K views 16.2 👍 ❤ 🔥

Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқталды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Каспий теңізі акваториясында жүргізілген іздестіру-құтқару операциясының аяқталғанын хабарлайды. Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды. Еске салайық, қайғылы оқиға оқу-жауынгерлік міндетті орындау барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауынан орын алып, нәтижесінде 17 әскери қызметшіні ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және Қарулы күштерінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті жан-жақты, оның ішінде материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі. Найдены тела двух пропавших на Каспийском море военнослужащих: поисковая операция завершена Министерство обороны Республики Казахстан сообщает о завершении поисковой операции в акватории Каспийского моря. Сегодня, 25 сентября, около 09:15 в ходе непрерывных поисково-спасательных работ были обнаружены тела двух ранее пропавших военнослужащих — сержанта Гумарова Мансура и матроса Турдыбекулы Мираса. Напомним, трагедия произошла в результате внезапного и резкого ухудшения погодных условий во время выполнения учебно-боевой задачи, когда 17 военнослужащих унесло в открытое море. Трое из них были спасены, 14 человек погибли. Руководство и личный состав Министерства обороны и Вооруженных сил Республики Казахстан выражают глубокие и искренние соболезнования родным и близким погибших военнослужащих. Семьям погибших будет оказана вся необходимая всесторонняя, материальная и психологическая помощь. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

Views over time

02K4K6K25 Sep 05:5311 Nov 00:505.9K25 Sep 05:53: 0 views11 Nov 00:50: 5,890 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
25 Sep 2026, 05:530
11 Nov 2026, 00:505.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)