Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді үздіксіз іздестіруді тапсырды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай болған жерде жұмысын жалғастыруда. Оқиға орнында жұмылдырылған мемлекеттік органдардың іс-қимылы және іздестіру-құтқару жұмыстары үйлестірілуде. Қазіргі таңда негізгі міндет – орналасқан жері анықталмаған екі әскери қызметшіні іздестіру. Нақтыланған мәліметке сәйкес, оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді қажетті барлық күштер мен құралдарды тарта отырып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсету тапсырылды. Уәкілетті органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Комиссияның жұмысы мен оқиға орнындағы іздестіру-құтқару іс-шаралары жалғасуда.
ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ✔
Subscribers
13.4K
+0 24h
Reach per post (ERR)
16.2%2.2K avg views
Posting
1.8/day
last 10 hours ago
Reactions per 1K views
16.2
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 24 Sep 2026, 15:59 | 0 |
| 11 Nov 2026, 00:50 | 3.9K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
| Posted | Channel | Post | Views |
|---|---|---|---|
| 25 Sep 2026, 02:03 | Компромат Центральная Азия | В Казахстане расследуют гибель военных на учениях в Каспийском... | 2.5K |