🇰🇿 Каспий теңізінің қазақстандық секторында «Хазар қорғаны-2026» оқу-жаттығуы басталды Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуының бірыңғай жоспары аясында өткізіліп жатыр. Оған Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы 1-ші дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков басшылық жасауда. Маневрлер Каспий теңізінің қазақстандық секторында өтуде. Оған Әскери-теңіз күштері мен оларға бағынысты бөлімшелердің 500-ден астам әскери қызметшісі, әскери кемелердің экипаждары, жағалау бөлімшелері, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің Жағалау күзеті мен Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің күштері мен құралдары қатысуда. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – жеке құрамның кәсіби даярлығын жетілдіру, экипаждардың жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру және белгіленген міндеттерді орындау барысында күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын пысықтау. 🇰🇿 В Казахстанском секторе Каспийского моря началось учение «Хазар қорғаны-2026» Учение Военно-морских сил проводится в рамках единого замысла стратегического командно-штабного учения. Руководит учением главнокомандующий Военно-морскими силами Вооруженных сил Республики Казахстан капитан 1-го ранга Канат Ниязбеков. Маневры проходят в казахстанском секторе Каспийского моря. В них принимают участие более 500 военнослужащих Военно-морских сил и приданных подразделений, экипажи боевых кораблей, береговые подразделения, а также силы и средства Береговой охраны Пограничной службы КНБ по Мангистауской области и Сил воздушной обороны Вооруженных сил Республики Казахстан. Основная цель учения – совершенствование профессиональной выучки личного состава, повышение уровня боевой готовности экипажей и отработка взаимодействия сил и средств при выполнении задач по предназначению. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com