ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ✔

@modgovkz · news · Kazakh · slowing

Subscribers 13.4K Subscribers, last 30 days: 13.4K → 13.4K +0 24h
Reach per post (ERR) 16.2%2.2K avg views
Posting 1.8/day last 12 hours ago
Reactions per 1K views 16.2 👍 ❤ 🔥

🇰🇿 Саптағы егіздер: отбасы әрдайым жанымызда Қазақстан Қарулы күштерінің қатарында егіз ағайындылар мен егіз апалы-сіңлілер әскери қызмет атқарып жүр. Олар үшін әскери қызмет – өмірлеріндегі жаңа кезеңді бірге өткеруге мүмкіндік берген маңызды кезең. Егіздер бала кезінен бір-біріне қолдау көрсетіп, бір-бірінің мінезі мен мықты және әлсіз тұстарын жақсы біледі. Бұл ерекше байланыс оларға әскери тәртіпке бейімделуге, күш-қуат және психологиялық жүктемелерді еңсеруге, қиындықтарды бірге жеңіп, өз күштеріне деген сенімді сақтауға көмектеседі. Әскери бөлімде жүрсе де, олар бір-біріне әрдайым жақын адамдар болып қала береді. Қажет сәтте жылы сөз айтып, қолдау көрсету арқылы қиындықты бірге еңсереді. Отбасының күші – бірлікте, өзара қолдауда және қандай жағдай болса да бір-біріне тірек бола білуде. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

Views over time

05001K1.5K13 Sep 07:3511 Nov 00:501.1K13 Sep 07:35: 0 views11 Nov 00:50: 1,150 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
13 Sep 2026, 07:350
11 Nov 2026, 00:501.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.