ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ✔

@modgovkz · news · Kazakh · slowing

Subscribers 13.4K Subscribers, last 30 days: 13.4K → 13.4K +0 24h
Reach per post (ERR) 16.2%2.2K avg views
Posting 1.8/day last 12 hours ago
Reactions per 1K views 16.2 👍 ❤ 🔥

🇰🇿 Қызмет пен отбасы – қатар ұштасқан қос құндылық Қызметі мен отбасын қатар алып жүріп, бала-шағасына да уақыт тауып, көпке үлгі болып жүрген өнегелі отбасылардың бірі – Аягөз гарнизонындағы 97616 әскери бөлімінің әскерлер қызметінің бастығы подполковник Мұрат Оспановтың отбасы. Мұрат Серікқанұлы үшін Отан алдындағы қызмет пен отбасының орны ерекше. Әскери қызметтің жауапкершілігін абыроймен атқара жүріп, ол отбасына да көңіл бөліп, бала тәрбиесіне мән беруді басты міндеттердің бірі санайды. Жан жары Гүлнұр Ертуғанқызымен бірге шаңырақтың берекесін сақтап, бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Гүлнұр Ертуғанқызы өз кәсібін дөңгелетіп, отбасының берекесін арттырып жүрген іскер жан. Ерлі-зайыптылардың өзара түсіністігі мен қолдауы – отбасының берік болуының негізі. Қызметтегі жауапкершілік пен отбасындағы жылылықты қатар алып жүрген Оспановтар отбасы – кейінгі буынға үлгі боларлық өнегелі шаңырақ. Берекелі отбасы – елдің тірегі. Ал татулық пен өзара қолдау бар жерде кез келген биікті бағындыруға болады. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com

Views over time

05001K13 Sep 07:0511 Nov 00:501.1K13 Sep 07:05: 0 views11 Nov 00:50: 1,120 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
13 Sep 2026, 07:050
11 Nov 2026, 00:501.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.