🇰🇿 Қарулы күштерде Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтуде Қазақстан әскерінде бір сапта әртүрлі этнос өкілдері қызмет етеді. Әрқайсының мәдениеті, тілі және отбасылық дәстүрлері бар. Оларды біріктіретін ортақ құндылықтар – әскери борышқа адалдық, жауапкершілік және Отанды қорғауға әзір болу. Әскери ұжымдарда Қазақстан этностарының тілдерін, дәстүрлері мен мәдениетін зерделеуге бағытталған мәдени-ағартушылық іс-шаралар, түрлі байқаулар мен кездесулер өткізіліп тұрады. Бұл бағыттағы жұмыстың маңызды бөлігі – әскери қызметшілердің тіл мәдениетін дамыту және мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Осы тұрғыда қазақ тілі өте маңызды. Қазақ тілі – азаматтық бірегейліктің маңызды бөлігі ғана емес, сонымен қатар әскери қызметшілер арасындағы өзара түсіністік пен бірлікті нығайтуға ықпал ететін ортақ қарым-қатынас. Қорғаныс министрлігі Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында әскери қызметшілер арасында «Тіл – татулық тірегі» байқауын өткізді. Іс-шара түрлі ұлттардан құралған әскери қызметшілердің қазақ тілінде білімін жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін ашуға және еліміздің мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік берді. Қазақстан халқы тілдері күні еліміздің мәдени және тілдік әралуандығы Қазақстанның ажырамас бөлігі екенін, ал бірлік – баршамызға ортақ екенін тағы бір мәрте еске салады. Әскери ұжымдарда бұл қағидат түрлі этнос өкілдерінің ортақ міндеттерді бірлесе орындап, бір Отанға қызмет етуінен айқын көрінеді. 🇰🇿 В Вооруженных силах отмечают День языков народа Казахстана В казахстанской армии в одном строю служат представители разных этносов, сохраняющих свою культуру, язык и семейные традиции. Но всех военнослужащих объединяют общие ценности – верность воинскому долгу, ответственность и готовность защищать Родину. В воинских коллективах на регулярной основе проводятся культурно-просветительские мероприятия, конкурсы и встречи, направленные на изучение языков, традиций и культур этносов Казахстана. Важной частью этой работы является развитие языковой культуры военнослужащих и повышение интереса к государственному языку. В этом контексте особое значение приобретает казахский язык, который является не только важной частью гражданской идентичности, но и общим средством общения, способствующим укреплению взаимопонимания и единства военнослужащих. В преддверии Дня языков народа Казахстана Министерство обороны провело конкурс среди военнослужащих «Тіл – татулық тірегі». Мероприятие объединило военнослужащих разных национальностей и стало площадкой для совершенствования навыков казахской речи, раскрытия творческого потенциала и знакомства с культурным наследием страны. День языков народа Казахстана напоминает о том, что культурное и языковое многообразие является неотъемлемой частью нашей страны, а единство – ее общей силой. В воинских коллективах этот принцип проявляется особенно ярко: представители разных этносов плечом к плечу выполняют общие задачи и служат одной Родине. 🇰🇿 Armia.kz 📱 Insta 📱 Threads 📱 FaceBook 📱 TikTok 📱 t.me 📱 YouTube 🇰🇿 Aitu 📱 x.com