🇰🇿🇰🇬Құрылтай Спикері Жогорку Кенештің Төрағасымен кездесті ТүркПА-ның отырысы шеңберінде Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай Қырғызстан Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевпен кездесті. Айбек Дәдебай әріптесін Қырғызстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтап, қонақжай пейілі үшін ризашылық білдірді. Сондай-ақ Қырғызстан Парламентімен екіжақты қарым-қатынасты Парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңес, достық тобы және салалық комитеттер аясында барлық деңгейде одан әрі дамыту Құрылтай үшін ерекше маңызды екенін атап өтті. – Президенттеріміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Садыр Нұрғожаұлы Жапаровтың саяси ерік-жігері мен сындарлы саясатының арқасында елдеріміз арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді. Бұл Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартта көрініс тапты. Бүгінгі мақсатымыз – Президенттеріміздің уағдаластықтарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, – деп атап өтті Құрылтай Төрағасы. Айбек Дәдебай қырғыз әріптесіне Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және конституциялық реформалар туралы ақпарат берді. Жаңа Халықтық Конституцияға сәйкес, бір палаталы Құрылтай, Вице-президент институты және мүлде жаңа консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі құрылды. Өз кезегінде Марлен Маматалиев Қазақстан мен Қырғызстан басшыларының екіжақты негізде де, көпжақты алаңдарда да өзара түсіністігі мен табысты іс-қимылын атап өтті. Жогорку Кенештің Төрағасы қазақстандықтарды жүргізілген реформаларға қатысты құттықтап, Құрылтай депутаттарына жемісті жұмыс тіледі. Тараптар заң шығару қызметіндегі тәжірибе алмасуды одан әрі кеңейту, түрлі парламентаралық ұйымдар мен халықаралық бірлестіктер аясындағы бірлескен жұмысты күшейту мәселелерін де талқылады. Музыка, театр, кино және спортты қоса алғанда, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға да ерекше назар аударылды. __ 🇰🇿🇰🇬Спикер Курултая встретился с Председателем Жогорку Кенеша На полях заседания ТюркПА в Бишкеке состоялась встреча Спикера Курултая Айбека Дәдебай с Председателем Жогорку Кенеша Кыргызстана Марленом Маматалиевым. Айбек Дәдебай поздравил коллегу с 35-летием Независимости Кыргызстана и поблагодарил его за теплый прием, подчеркнув, что дальнейшее развитие двусторонних отношений с Парламентом Кыргызстана является приоритетной задачей для Курултая на всех уровнях – в рамках Совета межпарламентского сотрудничества, группы дружбы и профильных комитетов. – Благодаря политической воле и конструктивной политике наших президентов Касым-Жомарта Кемелевича Токаева и Садыра Нургожоевича Жапарова наши отношения стремительно развиваются. Это нашло свое отражение в Договоре об углублении и расширении союзнических отношений между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой. Наша нынешняя цель – законодательное обеспечение договоренностей наших лидеров, – отметил Спикер Курултая. Айбек Дәдебай проинформировал кыргызского коллегу о проводимых в Казахстане по инициативе Главы государства масштабных политических и конституционных реформах. В соответствии с новой Народной Конституцией были созданы однопалатный Курултай, институт Вице-Президента и новый консультативный орган – Қазақстан Халық Кеңесі. В свою очередь Марлен Маматалиев отметил взаимопонимание и успешное взаимодействие лидеров Казахстана и Кыргызстана как в двустороннем порядке, так и на многосторонних площадках. Спикер Жогорку Кенеша поздравил казахстанцев с проведением реформ и пожелал депутатам Курултая плодотворной работы. Стороны обсудили также вопросы дальнейшего расширения обмена опытом в законотворческой деятельности, укрепления совместной работы в рамках различных межпарламентских организаций и международных объединений. Отдельное внимание было уделено развитию сотрудничества в культурно-гуманитарной сфере, включая музыку, театр, кино и спорт. t.me/quryltairesmi