Казахстан и все-все-все

@geo_2019 · active

Subscribers 12.1K tracking since 27 Oct
Reach per post (ERR) 13.3%1.6K avg views
Posting 4.5/day last 12 hours ago
Reactions per 1K views 0.0
repost from QURYLTAI

Құрылтай құқық қорғау саласындағы келісімдерді ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Құрылтайдың алдағы отырысының күн тәртібі белгіленді. Алдағы Құрылтай отырысында депутаттар Қазақстан мен Қатар Үкіметтері арасындағы Қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастық туралы ратификациялық келісімді бірінші оқылымда қарайды. Аталған Келісім ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қылмыстарға, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, адам саудасына, сондай-ақ өзге де салалардағы мәселелерді шешу кезінде өзара іс-қимыл мәселелері бойынша қатынастарды реттеуге бағытталған. Сондай-ақ, депутаттар назарына ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру туралы шартына өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады. Аталған заң жобасы ТМД тараптарының құзыретті органдары арасында электрондық форматта ақпарат алмасуды регламенттейтін шартқа өзгерістер енгізуді көздейді. Бұл қылмыстық қудалаудан жасырынған қылмыскерлерді анықтауға және ұстауға мүмкіндік беруге тиіс. Компьютерлік қылмыстар туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасын да бірінші оқылымда қарау жоспарланып отыр. Конвенцияға қатысу Қазақстанға компьютерлік жүйелер мен желілердің, сондай-ақ компьютерлік деректердің құпиялылығын, тұтастығы мен қолжетімділігін бұзуға бағытталған қылмыстар бойынша ақпарат алмасу және тергеу, экстрадициялау бөлігінде осы елдермен бірлескен іс-қимыл жасауға құқық береді. Соның ішінде мемлекетішілік және халықаралық деңгейде компьютерлік қылмыстар жасағаны үшін сот қудалауын және жедел әрі сенімді халықаралық ынтымақтастыққа қатысты уағдаластықтар әзірлеуді көздейді. Сонымен қатар, 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстанның қосылуы туралы хаттамаға қосымша болып табылатын Көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының ерекше міндеттемелерінің тізбесіне өзгерістерді ратификациялау туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралатын болады. Толығырақ quryltai.kz сайтында. __ Курултай рассмотрит законопроекты о ратификации соглашений в правоохранной сфере На заседании Бюро под председательством Спикера Курултая Айбека Дәдебай определена повестка предстоящего заседания. В первом чтении депутаты рассмотрят проект закона о ратификации Соглашения между Правительствами Казахстана и Катара о сотрудничестве в борьбе с преступностью. Соглашение направлено на взаимодействие компетентных органов в борьбе с организованной преступностью, терроризмом, незаконным оборотом наркотиков, торговлей людьми и другими видами преступлений. Также в первом чтении депутаты рассмотрят проект закона о ратификации Протокола о внесении изменений в договор государств-участников СНГ о межгосударственном розыске лиц. Изменения предусматривают обмен информацией в электронном формате, что позволит повысить оперативность поиска и задержания лиц, скрывающихся от уголовного преследования. Кроме того, в первом чтении планируется рассмотреть проект ратификации Конвенции о компьютерных преступлениях. Присоединение к Конвенции позволит Казахстану расширить международное сотрудничество в расследовании киберпреступлений, обмене информацией и экстрадиции. Документ предусматривает, в том числе, судебное преследование за совершение компьютерных преступлений как на внутригосударственном, так и на международном уровнях. Во втором чтении депутаты рассмотрят проект закона о ратификации изменений в перечень особых обязательств РК по услугам, являющийся приложением к Протоколу о присоединении Казахстана к Марракешскому соглашению об учреждении Всемирной торговой организации. Подробнее на сайте quryltai.kz. t.me/quryltairesmi

Views over time

05001K1.5K2K26 Sep 09:5227 Oct 08:391.7K26 Sep 09:52: 0 views27 Oct 08:39: 1,730 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
26 Sep 2026, 09:520
27 Oct 2026, 08:391.7K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.