🇰🇿🇬🇧Құрылтайға Парламентаралық одақтың Британ тобының делегациясы келді Құрылтай Төрағасының орынбасары Нұрлан Бекназаров Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының мүшесі, Қорғаныс жөніндегі арнайы комитеттің төрағасы Тан Дэси бастаған парламенттік делегациямен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, стратегиялық әріптестікті тереңдету, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ көлік-транзит әлеуеті, цифрландыру, жасанды интеллект және білім беру салаларындағы ынтымақтастыққа назар аударылды. Құрылтай комитеттері мен Ұлыбритания Парламентінің тиісті комитеттері арасында тікелей диалог орнату және тәжірибе алмасу мәселелері қаралды. Толығырақ quryltai.kz сайтынан оқи аласыздар. __ Заместитель Председателя Курултая Нурлан Бекназаров встретился с делегацией Парламента Великобритании во главе с членом Палаты общин, председателем Специального комитета по обороне Таном Дэси. Стороны обсудили вопросы укрепления межпарламентского сотрудничества между Казахстаном и Великобританией, углубления стратегического партнерства, расширения торгово-экономических и инвестиционных связей. Особое внимание уделено сотрудничеству в сфере транспортно-транзитного потенциала, цифровизации, искусственного интеллекта и образования. Также рассмотрены вопросы установления прямого диалога и обмена опытом между комитетами Курултая и профильными комитетами Парламента Великобритании. Подробнее на сайте quryltai.kz. t.me/quryltairesmi