Құрылтай Бюросы алдағы кезеңдегі заңнамалық күн тәртібін айқындады Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Құрылтайдың алдағы отырысының күн тәртібі айқындалды. Алдағы Құрылтай отырысында депутаттар Көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстанның ерекше міндеттемелерінің тізбесіне өзгерістерді ратификациялау жобасын, Қазақстан мен Сербия Үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді бірінші оқылымда қарайды. Депутаттар Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру, Құрылтайдың Парламентаризм институтымен өзара іс-қимылы туралы мәселелерді қарайды. Бұдан бөлек, Құрылтайдың қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу туралы шешім қабылданды. Тұрақты комитеттердің төрағалары Парламент Мәжілісінен өткен заң жобалары бойынша сөз сөйледі. Олардың қатарында денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер жобасы, мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы заң жобасы, тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі жаңа заң жобасы, ветеринария мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар пакеті, нормашығармашылықты жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер және тағы басқалар бар. Толығырақ quryltai.kz сайтында. __ Курултай определил законодательную повестку На заседании Бюро под председательством Спикера Курултая Айбека Дәдебай определили повестку предстоящего заседания. Депутаты рассмотрят в первом чтении проекты законов о ратификации изменений в Перечень обязательств Казахстана по услугам в рамках ВТО и Соглашения с Сербией о военно-техническом сотрудничестве. Также рассмотрены вопросы создания Общественной палаты при Курултае, взаимодействия с Институтом парламентаризма и открытия Общественной приемной. В ходе заседания председатели постоянных комитетов представили законопроекты, перешедшие из Мажилиса Парламента, в том числе по вопросам здравоохранения, защиты прав потребителей, ветеринарии, совершенствования нормотворчества и ряд других. По ним определены сроки подготовки заключений. Подробнее на сайте quryltai.kz. t.me/quryltairesmi