Казахстан и все-все-все

@geo_2019 · active

Subscribers 12.1K tracking since 27 Oct
Reach per post (ERR) 13.3%1.6K avg views
Posting 4.5/day last 19 hours ago
Reactions per 1K views 0.0
repost from QURYLTAI

⏺Депутаттар Құрылтай Регламентін қабылдады Құрылтай Регламенті Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының нормаларына және «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес әзірленді. Құжат Құрылтай депутаттарының қызметін реттейді. Регламент – Құрылтай қызметін ұйымдастыруды айқындайтын кешенді құжат. Ол Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының бұрын қолданыста болған регламенттері негізінде әзірленді. Құрылтайдың бір палаталы моделін және оның конституциялық өкілеттіктерінің жаңа жүйесін ескере отырып, отырыстарды өткізу тәртібі біріздендірілді, ал терминология жаңа Конституцияға сәйкестендірілді. Құрылтайда заң жобаларын қарау тәртібі айтарлықтай өзгертілді. Заң жобаларын қараудың үш кезеңді моделі белгіленді. Бірінші оқылымда заң жобасының негізгі ережелері, мақсаттары мен міндеттері талқыланады. Екінші оқылымда бас комитеттің салыстырмалы кестесіне енгізілген түзетулер қаралады. Үшінші оқылымда заң жобасының түпкілікті редакциясы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі және құқықтық олқылықтарды жою тұрғысынан қаралады. Бұл ретте халықаралық шарттарды ратификациялау (денонсациялау) екі оқылымда қаралады. Жаңа конституциялық орган – Қазақстан Халық Кеңесімен өзара іс-әрекет жасау тәртібі жеке регламенттелді. Оның өкілдері өз өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелер бойынша тыңдауларға, тұрақты комитеттер мен жұмыс топтарының отырыстарына қатысуға құқылы. Сондай-ақ депутаттық әдеп қағидалары мен Әдеп жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастыру тәртібі жеке айқындалады. Қорытынды ережелер Құрылтай қызметінің басталуы кезінде заңнамалық процестің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бұған дейін Мәжіліске енгізілген заң жобаларын Құрылтай жаңа Регламенттің қағидалары бойынша қарауды жалғастырады. Осылайша, құқықтық сабақтастық сақталып, Парламенттің екі палаталы моделінен бірыңғай Құрылтай қызметіне ұйымдасқан түрде көшу қамтамасыз етіледі. __ ⏺Депутаты приняли Регламент Курултая Регламент Курултая разработан в соответствии с нормами новой Конституции Республики Казахстан и Конституционного закона «О Курултае Республики Казахстан и статусе его депутатов». Документ регулирует деятельность депутатов Курултая. Регламент является комплексным документом, определяющим организацию работы Курултая. Он подготовлен на основе ранее действовавших регламентов Парламента Республики Казахстан и его Палат. С учетом однопалатной модели Курултая и новой системы его конституционных полномочий унифицирован порядок проведения заседаний, а терминология приведена в соответствие с новой Конституцией. Существенно изменен порядок рассмотрения законопроектов в Курултае. Устанавливается трехэтапная модель. В первом чтении обсуждаются основные положения, цели и задачи законопроекта. Во втором – поправки, включенные в сравнительную таблицу головного комитета. В третьем – окончательная редакция законопроекта на предмет ее соответствия Конституции Республики Казахстан и устранения правовых пробелов. При этом ратификация (денонсация) международных договоров рассматривается в двух чтениях. Отдельно регламентируется взаимодействие с новым конституционным органом – Қазақстан Халық Кеңесі. Его представители вправе участвовать в слушаниях, заседаниях постоянных комитетов и рабочих групп по вопросам, отнесенным к его полномочиям. Также отдельно определяются правила депутатской этики и организация деятельности Совета по этике. Заключительные положения обеспечивают непрерывность законодательного процесса при начале деятельности Курултая. Законопроекты, ранее внесенные в Мажилис, продолжают рассматриваться Курултаем по правилам нового Регламента. Таким образом, сохраняется правовая преемственность и обеспечивается организованный переход от двухпалатной модели Парламента к деятельности единого Курултая. t.me/quryltairesmi

Views over time

05001K1.5K10 Sep 06:1527 Oct 08:391.4K10 Sep 06:15: 0 views27 Oct 08:39: 1,410 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
10 Sep 2026, 06:150
27 Oct 2026, 08:391.4K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.