QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК

@electionelection · Kazakh · slowing

Subscribers 8K tracking since 12 Nov
Reach per post (ERR) 31.8%2.5K avg views
Posting 0.9/week last 10 days ago
Reactions per 1K views 0.0

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуының алдын-ала қорытындылары туралы сағат 20.00 Орталық сайлау комиссиясы еліміздің барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталғанын хабарлайды. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті. Сайлау заңының нормаларына сәйкес сайлау учаскелерінде дауыстарды санау уақыты дауыстарды санау басталған сәттен бастап, 12 сағаттан аспауы тиіс. Аумақтық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына электрондық байланыс арналары арқылы дауыс беру мен есептеудің алдын-ала нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.   Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 20.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады: 1. Астана қаласы бойынша – 51,67% 2. Абай облысы бойынша – 81,41% 3. Ақмола облысы бойынша – 82,69% 4. Ақтөбе облысы бойынша – 88,30% 5. Алматы облысы бойынша – 71,17% 6. Атырау облысы бойынша – 70,74% 7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 73,38% 8. Жамбыл облысы бойынша – 85,18 9. Жетісу облысы бойынша – 91,19% 10. Қарағанды облысы бойынша – 76,28% 11. Қостанай облысы бойынша – 76,47% 12. Қызылорда облысы бойынша – 90,75% 13. Маңғыстау облысы бойынша – 71,38% 14. Павлодар облысы бойынша – 71,20% 15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,31% 16. Түркістан облысы бойынша – 92,16% 17. Ұлытау облысы бойынша – 70,72% 18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 87,50% 19. Алматы қаласы бойынша – 43,23% 20. Шымкент қаласы бойынша – 75,42%. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ын құрады. Қазақстан Республикасы Құрылтайына депутаттарды сайлау бойынша дауыс берудің алдын-ала нәтижелері арнайы брифингте хабарланатын болады. Брифингтің уақытын қосымша хабарланады. Осымен Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы хабардар ету жөніндегі жұмысын аяқтайды.

Views over time

01K2K23 Aug 15:3712 Nov 15:132K23 Aug 15:37: 0 views12 Nov 15:13: 1,960 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
23 Aug 2026, 15:370
12 Nov 2026, 15:132K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.