Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды: астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады: 1. Астана қаласы бойынша – 49,87%. 2. Абай облысы бойынша – 77,54%. 3. Ақмола облысы бойынша – 78,95%. 4. Ақтөбе облысы бойынша – 84,95%. 5. Алматы облысы бойынша – 70,04%. 6. Атырау облысы бойынша – 69,05%. 7. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 71,15%. 8. Жамбыл облысы бойынша – 83,99%. 9. Жетісу облысы бойынша – 89,69%. 10. Қарағанды облысы бойынша – 74,78%. 11. Қостанай облысы бойынша – 75,31%. 12. Қызылорда облысы бойынша – 88,09%. 13. Маңғыстау облысы бойынша – 70,61%. 14. Павлодар облысы бойынша – 69,99%. 15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,14%. 16. Түркістан облысы бойынша – 90,17%. 17. Ұлытау облысы бойынша – 68,23%. 18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 85,43%. 19. Алматы қаласы бойынша – 41,06%. 20. Шымкент қаласы бойынша – 71,89%. Жалпы еліміз бойынша сағат 18.00-де 9 095 298 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрады. Сайлаушылардың уақытша болу орындарындағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 20.00-де беріледі.