QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК

@electionelection · Kazakh · slowing

Subscribers 8K Subscribers, last 30 days: 8K → 8K +0 24h
Reach per post (ERR) 32.4%2.6K avg views
Posting 0.9/week last 11 days ago
Reactions per 1K views 0.0
edited

Учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған ақпаратқа сәйкес сағат 7.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскенін хабарлайды. Сондай-ақ, біздің елден тыс жерде орналасқан 16 шет мемлекетте 19 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Осылайша ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды. Аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сәйкес 107 учаскеде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды. Сайлаушылар тізімдеріне 12 605 788 адам енгізілген. Олардың 17 132-сі дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алды. Барлығы 10 423 сайлау учаскесі бар, оның ішінде 61 шет мемлекетте 79 учаске. Бір сағаттан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдегі учаскелердің ашылуы туралы ақпараты ұсынылатын болады. Орталық сайлау комиссиясы сағат 10.00-ден бастап екі сағат сайын сайлаушылардың дауыс беруі туралы хабарлайтын болады.

Views over time

05001K1.5K2K23 Aug 02:2012 Nov 15:131.7K23 Aug 02:20: 0 views12 Nov 15:13: 1,690 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
23 Aug 2026, 02:200
12 Nov 2026, 15:131.7K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)