QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК

@electionelection · Kazakh · slowing

Subscribers 8K Subscribers, last 30 days: 8K → 8K +0 24h
Reach per post (ERR) 32.4%2.6K avg views
Posting 0.9/week last 11 days ago
Reactions per 1K views 0.0
edited

ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ? ДӘЛ ҚАЗІР ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІН АЛЫП, 23 ТАМЫЗДА ДАУЫС БЕРІҢІЗ! 📍Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен шығару куәлігін алуға құқығыңыз бар. Осылайша, 23 тамызда болатын жеріңіз бойынша дауыс бере аласыз. 📌Орталық сайлау комиссиясы еске салады: Сайлаушының есептен шығару куәлігін алуға құқығы бар. Ол үшін жазбаша өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну жеткілікті. 🔹Есептен шығару куәлігі 22 тамыз күні сағат 18:00-ге дейін беріледі. 📋Есептен шығару куәлігін жеке өзіңіз, сондай-ақ сенімхат бойынша өкіл арқылы алуға болады. Сенімхатты нотариалдық куәландыру талап етілмейді. ✅Сайлаушы болатын жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыны сайлаушылар тізіміне енгізіп, есептен шығару куәлігінің орнына дауыс беруге арналған бюллетень береді. 📌Маңызды! Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді. Назар аударыңыз: бір елді мекен шегінде басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келетін сайлаушыларға дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігі берілмейді.

Views over time

01K2K19 Aug 05:4512 Nov 15:132.1K19 Aug 05:45: 0 views12 Nov 15:13: 2,130 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
19 Aug 2026, 05:450
12 Nov 2026, 15:132.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.