QR ORTSAILAUKOM | ЦЕНТРИЗБИРКОМ РК

@electionelection · Kazakh · slowing

Subscribers 8K Subscribers, last 30 days: 8K → 8K +0 24h
Reach per post (ERR) 32.4%2.6K avg views
Posting 0.9/week last 11 days ago
Reactions per 1K views 0.0
edited

🔹Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК мүшесі Азамат Айманакумов дауыс берудің қалай ұйымдастырылатыны туралы айтып берді. 🔹Дауыс беру еліміз бойынша 10 423 сайлау учаскесінде өтеді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының 61 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанында 79 сайлау учаскесі жұмыс істейді. ✔️Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар кейбір учаскелерде, мысалы, әскери бөлімдерде, үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орындарында, вахталық кенттерде, демалыс үйлерінде, санаторийлер мен ауруханаларда және тағы басқа жерлерде учаскелік комиссия тізімге енгізілген азаматтардың барлығы дауыс беріп болған жағдайда, дауыс беруді кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады. 🔹Дауыс беруге арналған үй-жайда болатын адамдар учаскелік сайлау комиссиясы белгілеген қағидаларды қатаң сақтауға міндетті. Тиісті учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруге арналған үй-жайда бір мезгілде болатын азаматтардың санын реттейді, тәртіпке жауапты болады.

Views over time

01K2K18 Aug 10:2312 Nov 15:131.9K18 Aug 10:23: 0 views12 Nov 15:13: 1,930 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
18 Aug 2026, 10:230
12 Nov 2026, 15:131.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.