AmanVIBE 🎙️

@eldaramanvibe · sports · Kazakh · active

Subscribers 11.3K tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 28.1%3.2K avg views
Posting 6.2/day last 4 hours ago
Reactions per 1K views 15.0 ❤ 👍 👎

Бүгін «Жыл үздігі» атандым!!! Біздің халық шетел футболынан бөлек, өз футболымызды да көбірек танып, біліп, көріп, оған қызығушылық танытса екен деймін. Қазақ футболын насихаттау, оның тыныс-тіршілігін аудиторияға жеткізу, жанкүйерлердің қызығушылығын арттыру - отандық футболдың дамуына қосылған үлесім деп білемін. Ал футболымызға деген қызығушылық артқан сайын, оның дамуына да серпін берілері сөзсіз. 2026 жылы еңбегімді бағалап, үздіктердің қатарына қосқан Қазақстан футбол федерациясына алғысымды білдіремін! Сынадым, кемшіліктерді ашық айттым. Соған қарамастан, еңбегімді ескеріп, үздік деп тануыңызды жоғары бағалаймын. Бұл - сын мен пікірге түсіністікпен қарап, ортақ мақсат жолында еңбек етіп жүрген жандарды бағалай білудің белгісі. Бүгінгі жетістігім тек менің еңбегімнің нәтижесі емес. Бұл жолда мені қолдаған, оқыған, тыңдаған, пікір білдірген барша оқырманымның үлесі. Жылы лебіздеріңіз де, кейде ауыр сын мен хейт те - мен үшін кері байланыс. Әрқайсыңызға шын жүректен алғыс айтамын!

Views over time

02K4K2 Nov 15:3213 Nov 02:254K2 Nov 15:32: 0 views13 Nov 02:25: 4,000 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
2 Nov 2026, 15:320
13 Nov 2026, 02:254K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.