«ЕЛІМАЙ» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ «Елімай» футбол клубы бас бапкер Андрей Карповичпен екі тараптың өзара келісімі бойынша ынтымақтастықтың аяқталғанын хабарлайды. Андрей Владимирович команданы 2023 жылдың 7 қарашасында қабылдап, қайта түлеген «Елімайдың» жаңа тарихындағы маңызды тұлғалардың біріне айналды. Оның жетекшілігімен клуб қалыптасу мен даму жолындағы маңызды кезеңнен өтті. 2024 жылғы маусымда «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасындағы орнын нық бекітсе, 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатында төртінші орын алып, УЕФА Конференция лигасына қатысу құқығына ие болды. 2026 жылдың шілдесінде команда Еуропа аренасындағы алғашқы ойынын өткізіп, еурокубоктерде дебют жасады. Қарсылас Ереванның «Алашкерт» клубы болды. Бұл оқиға клуб үшін ғана емес, бүкіл семейлік футбол үшін маңызды тарихи белеске айналды. «Елімай» ФК Андрей Владимировичке кәсібилігі, өз ісіне деген адалдығы, атқарған еңбегі мен команданың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдіреді. Оның жетекшілігімен қол жеткізілген нәтижелер клуб тарихының ажырамас бөлігі болып қала береді. Андрей Карповичпен бірге клубтан Фёдор Симиниди де кетеді. Андрей Владимирович пен Фёдор Анатольевичке бірлескен жұмысымыз, «Елімайдың» қайта түлеп, қалыптасуына қосқан үлестері үшін алғыс айтамыз. Алдағы матчта бас бапкер міндетін семейлік футболдың түлегі, клубтың жастар командасының жаттықтырушысы Серікбек Мақсұтбекұлы Каппаров атқарады. Алда бізді 2026 жылғы маусымның қорытынды ойыны күтіп тұр. «Елімай» ФК барлық жанкүйерді 31 қазан күні сағат 15:00-де «Спартак» стадионында өтетін Көкшетаудың «Оқжетпес» командасына қарсы матчта клубты қолдауға шақырады. Кіру тегін! «Елімай» - халықтың командасы, өңірлік болмыстың айнасы ретінде құрылған клуб. Біз бірге семейлік футболдың жаңа тарихын жазуды жалғастырамыз! АЛҒА, ЕЛІМАЙ!