«Тұранның» өз алаңында «Қайрат-Жастардан» 0:4 есебімен ұтылғаны - масқараның масқарасы ғой. Түркістандықтар ҚПЛ-ға қай бетімен шықпақшы? Негізі, биыл Бірінші лигадан бір ғана команда шықса екен деп ойлаймын. Барлық жағынан лайықты команда - мысалы, қарағандылық кеншілер. «Шахтер» Бірінші лигада білгенін істеп жатыр.