Жақында ҚПЛдың бір клубын сатып алған бизнесменмен сұхбаттасқан кезде, ол маған: «Клуб табатын барлық кірістің 80%-ын қайта клубқа жұмсаймын», - деген еді. Расымен де, «Қайрат» былтыр еңбекпен тапқан 12 млрд теңгенің 9 миллиардын ел чемпионы оперативті шығындарға жұмсап отырғанда, керемет құрам да, Чемпиондар лигасы да, жаңа академия да, қатарынан үшінші чемпиондық та болар ма еді? Кім не десе де, Қайраттар биыл да жарады. Реніш жоқ.