ЭКСКЛЮЗИВ: «АСТАНАНЫҢ» ЖАҢА ҚОЖАЙЫНЫ КІМ? КЛУБТЫ FORBES ТІЗІМІНДЕГІ КӘСІПКЕР ИЕЛЕНУІ МҮМКІН Бізге жеткен эксклюзивті ақпаратқа сәйкес, елордалық «Астана» футбол клубының жаңа инвесторы белгілі кәсіпкер Бақтияр Оспанов болуы мүмкін. Бақтияр Сұлтанбекұлы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы ірі кәсіпкерлерінің бірі әрі тәжірибелі топ-менеджер. 2026 жылы ол алғаш рет Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша еліміздің ең бай 75 кәсіпкерінің қатарына еніп, рейтингте 75-орынға жайғасты. Басылым оның дәулетін шамамен 95 млн АҚШ долларына бағалаған. Қазіргі уақытта «Астана» футбол клубында аудит жүргізіліп жатқаны белгілі. Біздің дереккөздің мәліметінше, аудит қорытындысы шыққаннан кейін клубты Бақтияр Оспановтың басқаруына беру мәселесі шешілуі мүмкін. Егер келіссөздер сәтті аяқталса, бұл елордалық клуб тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ. Толық ақпарат аудит аяқталғаннан кейін белгілі болады. @kommentator_maulen
AmanVIBE 🎙️
Subscribers
11.3K
+0 24h
Reach per post (ERR)
28.2%3.2K avg views
Posting
6.2/day
last 7 hours ago
Reactions per 1K views
15.1
❤ 👍 👎
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 19 Aug 2026, 14:09 | 0 |
| 13 Nov 2026, 02:25 | 2.6K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.