⚡️ Рақмет, Рики! Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо тараптардың өзара келісімі бойынша «Қайраттан» кетті. Рикардиньо сары-қаралар сапына 2025 жылғы шілдеде қосылды. Алғашқы голын дебют матчында «Тұранның» қақпасына соқты. Сондай-ақ бразилиялық футболшы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде лиссабондық «Спортингке» қарсы ойында нәтижелі пас беріп, лондондық «Арсеналдың» қақпасына гол соқты. Жалпы Рикардиньо «Қайрат» сапында 32 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. «Қайрат» ФК Рикардиньоға команданың жетістіктеріне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тілейді! 💛🖤 ➖➖➖ ⚡️ Спасибо, Рики! Бразильский нападающий Рикардиньо покинул «Кайрат» по обоюдному согласию сторон. Рикардиньо пополнил стан жёлто-чёрных в июле 2025 года. Свой первый гол забил в дебютном матче в ворота «Турана». Также бразилец отдал голевую передачу в игре общего этапа Лиги чемпионов УЕФА против лиссабонского «Спортинга» и забил в ворота лондонского «Арсенала». Всего за «Кайрат» бразилец провёл 32 матча, забил 4 мяча и выполнил 2 голевые передачи. ФК «Кайрат» благодарит Рикардиньо за вклад в успехи команды и желает удачи в дальнейшей карьере! 💛🖤