ЭКОНОМИКА ӨЗГЕРІП ҮЛГЕРДІ. САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЕНДІ ІЛЕСІП КЕЛЕДІ Дизайн-студияда станок, шикізат пен өндірістік желі болмаса, ол не өндіреді? Негізгі активі адамдар, білім мен идеялар саналатын бизнес неге тауар мен жабдыққа негізделген экономиканың қағидаларымен салық төлеуі керек? Максим Еремкин креативті индустрияларға арналған арнайы салық шарттарына кезекті жеңілдік ретінде емес, қарапайым шындықты мойындау деп қарауды ұсынады: құн жасау құрылымы әлдеқашан өзгерді, ал салық жүйесі оған енді ғана ілесіп келеді. Бірақ автор көтерген негізгі мәселе салықтан әлдеқайда ауқымды. Қазақстан 2029 жылға қарай креативті индустриялардың үлесін ЖІӨ-нің 2%-на дейін жеткізуді көздеп отыр. Дизайн, брендинг, сәулет, цифрлық өнімдер және басқа да зияткерлік индустриялар елдің жаңа экспортына айнала ма, әлде мемлекет ресми түрде мойындағанымен, ауқымын кеңейте алмаған шағын сектор болып қала ма? Экспорт дегеніміз тек мұнай, металл мен астық емес. Өзіміз жасаған зияткерлік құндылықты да экспорттауға болады. Сурет ЖИ көмегімен жасалған «KemelDesign» басшысы Максим Еремкиннің сараптамалық пікірін сілтеме арқылы оқыңыз: https://economykz.org/kk/az-salyq-auqymdy-kreativti-ekonomika/ 😄 ECONOMYKZ.ORG: өмір цифрлармен Portal | Facebook | Telegram