ЖИ ӨНІМДІЛІКТІ АРТТЫРМАЙ ТҰРЫП-АҚ СҰРАНЫСТЫ ҚЫЗДЫРУЫ МҮМКІН ЖИ-ден барлығы дерлік автоматты нәтиже күтеді: өнімділік артады, шығын азаяды, тауар арзандайды. Бірақ технология экономикаға бір сәтте енбейді. Компаниялар қазірдің өзінде инвестиция салып, жұмыс үдерістерін өзгертіп, болашақ өсімге қажет мамандарды жалдап жатыр. Ал қосымша өндіріс көлемі бірнеше жылдан кейін ғана пайда болуы мүмкін. Экономика ЖИ есебінен өнімділікке қол жеткізбей тұрып, сұраныс оның уәдесіне ертерек жауап беруі ықтимал. EconomyKZ зерттеу тобының өкілі Шыңғыс Ерболат бұл алшақтықтың Қазақстан үшін неліктен айрықша маңызды екенін талдайды. Экспорттық салалар мен ішкі қызмет көрсету секторын автоматтандыру сұранысқа, теңге бағамына және бағаға әртүрлі әсер етеді. ЖИ экономиканы тиімдірек ете алады, бірақ сол тиімділікке апарар жол міндетті түрде дефляциялық бола бермейді. Сурет ЖИ көмегімен жасалған Мақаланы сілтеме арқылы оқыңыз: https://economykz.org/kk/zhi-ekonomikany-tiimdirek-etuge-uaede-beredi/ 😄 ECONOMYKZ.ORG: өмір цифрлармен Portal | Facebook | Telegram