BES.media ✔

@bessimptomno · Russian · active

Subscribers 21.3K Subscribers, last 30 days: 21.3K → 21.3K +0 24h
Reach per post (ERR) 5.5%1.2K avg views
Posting 32.3/day last 23 minutes ago
Reactions per 1K views 44.8 ❤ 👍 🤡

Екі жыл қатарынан көлік ұтты: Ақтөбеде асық атудан турнир жеңімпазы анықталды Еліміздің 19 өңірінен келген 38 мерген бас жүлдеге таласты. Жарыста өткен жылғы жеңімпаз тағы да топ жарды. 🗣️ Не болды Ақтөбеде асық атудан өткен республикалық турнирде Ғарышбек Құлыбек екінші жыл қатарынан жеңіске жетіп, автокөлік ұтып алды. Бұл туралы турнирді ұйымдастырған Respublica партиясының өкілі әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады. 🗣️ Ғарышбек Құлыбек қалай турнир тарихына енді Республика күніне орай Ақтөбеде үшінші рет өткен турнирге 19 өңірден 38 мерген қатысып, 2025 жылғы жеңімпаз Ғарышбек Құлыбек екі жыл қатарынан бас жүлде – автокөлікті ұтып алған алғашқы асықшы атанды. 🗣️ Қалған жүлделі орындарды кімдер иеленді Екінші орын алған Абай облысының өкілі Алинұр Берікқазыұлы 1 миллион теңге, ал үшінші орын иегері, Қызылорда облысынан келген Ғалымжан Сейілханов 500 мың теңге алды. 🗣️ Малайзиядан келген қонақтар қандай жоспарымен бөлісті Малайзиядан келген профессорлар Че Залина мен Мухаммад Фазлы Таиб Саерани алдағы әлем чемпионатына команда әкелуге ниетті екенін айтты, ал шара барысында ұйымдастырушыларға естелік картина сыйға тартылып, Мұсағали Тасқалиев «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. 🗣️ Келесі турнир қайда өтеді Асық атудан төртінші республикалық турнир 2027 жылы Арқалық қаласында өтеді. 🔎🔎🔎🔎🔎 читайте в материале на сайте: 👉 https://bes.media/news/eki-zhyl-qatarynan-kolik-utty-aqtobede-asyq-atudan-turnir-zhengimpazy-anyqtaldy/ ––– 📢 Если у вас есть чем поделиться или вы стали очевидцем событий, пишите, присылайте фото, аудио и видео, документы в наш анонимный бот @bessimptomno_bot. ––– 💬 https://t.me/bessimptomno

Views over time

05001K27 Oct 13:1511 Nov 04:101.1K27 Oct 13:15: 0 views11 Nov 04:10: 1,050 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
27 Oct 2026, 13:150
11 Nov 2026, 04:101.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.