Қазақстанда Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының негізгі кезеңі аяқталды 📌 Елімізде телекоммуникация саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі – Каспий теңізінің түбі арқылы тартылатын Транскаспий суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салудың негізгі кезеңі аяқталды. Суасты кабелі Қазақстан жағалауына сәтті жеткізіліп, «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom International компаниялары жүзеге асырып жатқан жобаның ең күрделі бөлігі аяқталды. Ақтау – Сумгайыт бағыты бойынша өтетін жаңа маршрут Қазақстан мен Әзербайжанның цифрлық инфрақұрылымын біріктіріп, Азия мен Еуропа арасындағы деректерді жоғары жылдамдықпен тікелей жеткізетін дәлізге айналады. Жоба халықаралық байланыс сенімділігін арттырып, екі елдің транзиттік әлеуетін күшейтеді. Теңіздегі құрылыс жұмыстарының аяқталу барысымен кабель төсейтін кеменің бортында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин және AzerTelecom International компаниясының бас директоры Ана Накашидзе танысты. ➖ В Казахстане завершен ключевой этап строительства Транскаспийской волоконно-оптической линии связи 📌 В Казахстане завершен ключевой этап реализации одного из крупнейших инфраструктурных проектов в сфере телекоммуникаций — морская прокладка Транскаспийской волоконно-оптической линии связи (ВОЛС) по дну Каспийского моря. Подводный кабель успешно достиг побережья Казахстана, что ознаменовало завершение наиболее сложной части проекта, реализуемого компаниями «Казахтелеком» и AzerTelecom International. Новый маршрут Актау — Сумгаит объединит цифровую инфраструктуру Казахстана и Азербайджана и станет прямым высокоскоростным коридором передачи данных между Азией и Европой. Проект повысит надежность международной связи и укрепит транзитный потенциал двух стран. С ходом завершения морского этапа работ с борта судна-кабелеукладчика ознакомились заместитель Премьер-министра – министр искусственного интеллекта и цифрового развития РК Жаслан Мадиев, Председатель Правления АО «Казахтелеком» Багдат Мусин и генеральный директор AzerTelecom International Ана Накашидзе. 📱 @KZgovernment