BALTABAYEV

@baltabayev · news · Kazakh · active

Subscribers 7K tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR) 22.1%1.6K avg views
Posting 1.9/day last 19 hours ago
Reactions per 1K views 0.0
edited

🇰🇿🇹🇷 РЕЖЕП ТАЙИП ЕРДОҒАН ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫ ӘУЕЖАЙДАН ЖЕКЕ ӨЗІ КҮТІП АЛДЫ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға ресми сапармен келді. Мемлекет басшысын Анкарадағы Этимесгут әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған жеке өзі қарсы алды. Мұның дипломатиялық тұрғыдан ерекше мәні бар. Түркияда шетелдік мемлекет басшыларын әуежайдан Президенттің өзі күтіп алуы қалыпты тәжірибе емес. Мұндай ілтипат ерекше құрметтің белгісі саналады. Сондықтан Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстан Президентін әуежайдан жеке өзі қарсы алуы екі ел арасындағы достық қарым-қатынас пен мемлекет басшыларының өзара сыйластығын айқын аңғартады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзді. Кейін екі ел Президенті әуежай залында аз-кем әңгімелесті.

Views over time

01K2K28 Oct 15:5013 Nov 08:041.9K28 Oct 15:50: 0 views13 Nov 08:04: 1,900 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
28 Oct 2026, 15:500
13 Nov 2026, 08:041.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.