Құтқарушының ерлігі көбіне қауіп төнген сәтте көрінеді. Ол адам өмірін сақтау үшін өз өмірін қатерге тігіп, қиындыққа тап болған жанға бірінші болып көмекке ұмтылады. Құтқарушылар күніне орай Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сала қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар тапсырды. Мемлекет басшысы олардың еңбегін жоғары бағалап, адам өмірі мен қауіпсіздігін қорғаудағы айрықша рөлін атап өтті. Кейінгі бес жылда құтқарушылар 75 мыңнан астам шақырту бойынша 240 мыңға жуық азаматқа көмек көрсетті. Соңғы үш жылда салаға 3 мыңға жуық техника сатып алынып, 60-қа жуық өрт сөндіру депосы мен құтқару станциясы салынды. Құтқарушыларға құрмет – адам өмірін қорғауға арналған адал қызметке құрмет. Қазақстанның бейбіт күн батырларына алғысымыз шексіз! Мерекелеріңізбен!
BALTABAYEV
Subscribers
7K
tracking since 13 Nov
Reach per post (ERR)
22.1%1.6K avg views
Posting
1.9/day
last 19 hours ago
Reactions per 1K views
0.0
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 19 Oct 2026, 09:33 | 0 |
| 13 Nov 2026, 08:04 | 1.5K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.