QOS live

@aqoslive · news · Kazakh · active

Subscribers 1.7K Subscribers, last 30 days: 1.7K → 1.7K +0 24h
Reach per post (ERR) 16.1%272 avg views
Posting 3.4/day last 1 day ago
Reactions per 1K views 2.2 👍 ❤ 🤡

Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру құны мен шарттары туралы ақпараттық хабарлама Осы арқылы «AQOSlive» telegram-арнасы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялар мен бірмандаттық округтерден ұсынылған кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру құны мен шарттары туралы хабарлайды. Бір жарияланымды (постты) орналастыру құны 150 000 (бір жүз елу мың) теңгені құрайды. Мәслихаттар депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялар мен бірмандаттық округтерден ұсынылған кандидаттар ұсынған материалдарды qoslive.kz интернет-ресурсында, «AQOSlive» telegram-арнасында, «QOS live» Instagram-парақшасында, «QOSlive» YouTube-арнасында, Threads әлеуметтік желісіндегі «QOSlive» парақшасында және TikTok әлеуметтік желісіндегі «QOSlive» аккаунтында бір мезгілде орналастыру құны 300 000 (үш жүз мың) теңгені құрайды. «AQOSlive» telegram-арнасындағы бір жарияланым (пост) бос орындарды қоса есептегенде көлемі 4 096 таңбадан аспайтын мәтінді, сондай-ақ 10 (он) медиафайлға дейін (фотосуреттер және/немесе видеоматериалдар) қамтуы мүмкін. Видеоның ұзақтығы: 2 мин 30 сек дейін – файлмен, 45 сек – «бейнешеңберлер». qoslive.kz интернет-ресурсында, Instagram, YouTube, Threads және TikTok әлеуметтік желілерінде ұсынылған материалдарды жариялау форматы «AQOSlive» telegram-арнасында жариялау форматынан өзгешеленуі мүмкін. Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру өтінімдердің түсуіне және тараптар арасында шарттардың жасалуына қарай, жүз пайыздық алдын ала төлем шарттарымен, 2026 жылғы 01 қараша сағат 18:00-ден 2026 жылғы 28 қараша сағат 00:00-ге дейінгі кезеңде жүзеге асырылады. Сайлау алдындағы үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері туралы мәліметтер, сондай-ақ тиісті ақпаратты ұсынған тұлғаның тегі болуы тиіс. Сайлау алдындағы үгіт материалдары қазақ және (немесе) орыс тілдерінде, жариялауға дайын күйінде, шартта көзделген көлемде, орналастырылатын болжалды уақытқа дейін 24 (жиырма төрт) сағаттан кешіктірілмей ұсынылады. Сайлау алдындағы үгіт материалдарын ұсынған саяси партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сәйкестігіне толық жауапты болады. Осы ақпараттық хабарламада көзделген талаптар мен тәртіп, сондай-ақ тиісті шарттың шарттары сақталмаған жағдайда, сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру жүзеге асырылмайды немесе анықталған заңбұзушылықтар толық жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады. Осы ақпараттық хабарламада баяндалған сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру бойынша қызметтерді ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін. qoslive.kz интернет-ресурсының администрациясы

Views over time

05010015020026 Oct 05:4412 Nov 19:3917626 Oct 05:44: 0 views12 Nov 19:39: 176 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
26 Oct 2026, 05:440
12 Nov 2026, 19:39176

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.